USD
USD
USD

«Балалар арасында көлік жолына жүгіріп шығатын жаңа ойын пайда болды»

Әлеуметтік желілерде жол бойында күтіп тұрып, темір тұлпар жақындай бергенде жолға жүгіріп шыққан баланың іс-әрекеті таспаланған бейнематериал жарияланды. Көпшілік мұны кәмелетке толмағандар арасында пайда болған жаңа ойын түрі екенін алға тартты, деп хабарлайды Қазақпарат.

«Балалар арасында көлік жолына жүгіріп шығатын жаңа ойын пайда болды»
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қостанай облыстық Полиция департаменті бейнежазба астында жарияланған ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлады. Жол-көлік оқиғасы 8 қазанда Рудный қаласында болған. «Daewoo Nexia» маркалы автокөліктің жүргізушісі бағдаршамның тыйым салу сигналына өтіп, кәмелетке толмаған баланы қағып кеткен. Осы факті бойынша полиция Қылмыстық кодекстің 345-бабының 1-бөлігі (Жол қозғалысы ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады», - деп жауап берді Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Ведомство ақпаратына сай, ел бойынша мұндай фактілер тіркелген жоқ. Яғни, желідегі ақпарат шындыққа жанаспайды. Тиісінше министрлік өкілдері жалған мәлімет тартқандарға жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар