USD
USD
USD

Балалар үйінің тәрбиеленушілерінен 10 млн теңгедей ақша бопсалаған

Қарағандыда ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері балалар мекемесінің тәрбиеленушілерінен ақша бопсалап келген.

Видеодан скриншот/polisia.kz
Фото: Видеодан скриншот/polisia.kz

Астана, NEGE. ІІМ-нің ақпараттық медиа-порталында жарияланған мәліметке сәйкес, 8 қаңтарда Қарағанды қаласында әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға арналған арнайы мемлекеттік төлемдерден ақша бопсалаған ұйымдасқан топтың заңсыз әрекеті әшкереленді.

«Жедел іс-шаралар барысында өңірдегі балаларға арналған мекемелердің бірінің тәрбиеленушілері қылмыскерлердің құрбаны болғаны белгілі болды», – делінген хабарламада.

Полицейлердің мәлімдеуінше, соңғы жарты жыл ішінде күдіктілер алдау, қорқыту және физикалық күш қолдану арқылы бірнеше жәбірленушіден жалпы сомасы 10 миллион теңгеден астам қаражатты иемденген.

«Оларды арнайы шоттардан ақша шешуге, сондай-ақ микроқаржы ұйымдарында несие рәсімдеуге мәжбүрлеген», – дейді полицейлер.

Жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде күдіктілерден автоматты атыс қаруына арналған оқжатарлар және жүзден астам оқ-дәрі тәркіленген.

«Аталған дерек бойынша бопсалау белгілерімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Барлық күдікті ұсталды. Оларға 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін», – делінген ІІМ хабарламасында.

Қазір полицейлер күдіктілердің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Қазір оқып жатыр

«Ғалымдар жаппай қуылды» деген ақпарат шындыққа жанаса ма? Ясауи университеті жауап берді

.

2 млрд теңге табыс тапқан: Алматыда Kizdar.net сайтын құрушылар қамауға алынды

Кісен

АҚШ-та жоғалып кеткен қазақстандық жігітке қатысты тың ақпарат айтылды

Әсет Құралбай

Samruk-Kazyna Construction еншілес компаниясын 228,8 млн теңгеге сатпақ

.