21 Ақпан 16:32

Балалар омбудсмені әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы жаңа заң жобасы қабылданғаннан кейін не өзгеретінін түсіндірді

Динара Закиева
Фото: фейсбук

Динара Закиева мәжілісмендер қабылдаған отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң жобасы туралы айтты, деп хабарлайды El.kz.

Алматы, NEGE. Бүгін біз Президент тапсырмасымен мемлекеттік органдармен, депутаттармен және ҮЕҰ-ның қатысуымен бірнеше ай бойы жұмыс істеген әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы заң жобасы бірінші оқылымда қабылданды. Жыл басында Мемлекет басшысы зорлық-зомбылыққа қарсы күрестегі ең маңызды қағидат – қоғамда бұл зұлымдыққа нөлдік төзімділікті дамытуды атап өтті. Осы постулаттың іске асырылуы зорлық-зомбылық үшін жазаның бұлтартпаушылық қағидатын қамтамасыз ететін осы Заң жобасы бола алады, – дейді омбудсмен.

Бұл ретте, заң жобасында кешенді тәсіл көзделгенін атап өту маңызды:

Біріншіден, бұл келесілерге бағытталған:

– алдын алу шаралары; Отбасын қолдау орталықтарын әр ауданда ашу; Балаларды психологиялық қолдау орталықтарын ашу;

– қиын өмірлік жағдайдағы отбасыларға көмек көрсетуді ұйымдастыру құзыретін бекіту;

– агрессормен психологиялық жұмыс (ҚР ҚК ерекше талаптар институтын енгізу аясында);

– зорлық-зомбылыққа, буллингке тап болған балаларға көмек көрсету бағдарламаларын әзірлеу құзыретін бекіту.

Екіншіден:

– зорлық-зомбылықты қылмыстық жауапкершілікке жатқызу;

– балаларға қатысты қылмыстар үшін жазаны қатаңдату:атап айтқанда, азаптау (мақаланың жаңа редакциясы); денсаулыққа ауыр, орташа зиян келтіру үшін; кәмелетке толмаған адамды ұрлау және заңсыз бас бостандығынан айыру үшін;

– бала зорлау үшін бас бостандығынан тек өмір бойына ғана айыру;

– «Балаға жыныстық сипатта тиісу» бабын енгізу;

– балаға қатысты зорлық-зомбылыққа байланысты қылмыстарды тергеу әрекеттері кезінде қамауда ұстау;

– балаларға қызмет көрсететін ұйымдарды лицензиялауды енгізу (МӘМ, лагерьлер);

– баланы автобустан мәжбүрлеп түсіріп тастау үшін жауапкершілік енгізу;

– буллинг үшін жауапкершілік және т. б.

Заң жобасының жекелеген нормалары әлі де талқыланады және бұл ретте зорлық-зомбылық пен қатыгездіктің ешқалай түсіндірілмейтінін және ақталмайтынын есте ұстаған жөн. Бұл, меніңше, бірауыздан келісілген қағида және қоғам үміті, петициялар, үндеулер мен ең өкініштісі - әр көрсеткішінің артында бала немесе оның анасының өмірі тұрған жантүршігерлік статистика бұған дәлел. Балалар мен әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа тосқауыл қоя алатын тиімді және жұмыс істейтін заң қабылдауымыз маңызды, – деп жазды Динара Зәкиева.