USD
USD
USD

Балалар лагерьлерін енді ескертусіз тексереді

Қазақстанда жазғы маусым қарсаңында балалар лагерьлеріне бақылау күшейтіледі. Денсаулық сақтау министрлігі енді лагерьлерді алдын ала ескертусіз тексеретін жаңа форматқа көшпек.

лагерь
Фото: Pixabay.com

Астана, NEGE. Министрлік мәліметінше, бұл шешім лагерьлердің шын ахуалын көру және тексеріс қарсаңында ғана көзбояушылықпен жасалатын дайындықты болдырмау үшін қабылданған.

Лагерьлерге қойылатын талаптар өзгерген жоқ: аумақ қоршаулы болуы керек, үздіксіз су, кәріз, жарық пен желдету жүйесі жұмыс істеуі тиіс. Үй-жайлар күн сайын тазаланып, балаларға бес мезгіл тамақ пен медициналық көмек көрсетілуі қажет.

Шомылатын орындарда су мен топырақтан сынамалар алынып, зертханада тексеріледі. Маусым бойы бассейндер мен су айдындарының жағдайы тұрақты қадағаланады.

2026 жылдың екінші жартыжылдығында бюджет есебінен жұмыс істейтін барлық балалар лагерьлері арнайы бақылау тәртібімен тексеріледі. Алғаш рет тексерілетін нысандардың тізімі алдын ала жасалып, 10 мамырға дейін жарияланады. Бірақ тізімге кірмеген лагерьлер де күтпеген тексеріске ілігуі мүмкін.

Министрлік лагерь иелеріне санитариялық қорытынды алып, нысандарды алдын ала дайындау және белгіленген сыйымдылықтан аспау керегін ескертті. Ата-аналарға тек ресми тізімдегі лагерьлерді таңдап, баланың денсаулығына қатысты ақпаратты алдын ала хабарлау ұсынылады.

Биыл Қазақстанда барлығы 199 лагерь жұмыс істейді: оның 20-сы жыл бойы, 179-ы жазғы маусымда ғана қызмет көрсетеді.

Қазір оқып жатыр

«Оземпик», «Мунджаро»: арықтататын препараттардың пайдасы мен қаупі қандай?

Оземпик

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесті

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесу

Алаяқтар енді eGov қызметкері ретінде хабарласа бастаған

алаяқтық

«75-тің хаты»: Қырғызстанда Қамшыбек Ташиевке шыққан үкім өзгертілді

Қамшыбек Ташиев