USD
USD
USD

Балалар есінен танып қалды: СҚО-да мұғалімдер мектепте бұрыш баллонын шашқан

Оқиға Ақжар ауданы Талшық ауылында болған.

Бұрыш баллоны
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. 27 қыркүйекте полицияға Талшық ауылындағы мектепте оқушылар есінен танғаны, ғимаратта түсініксіз иіс бар екені туралы хабарлама түскен.

Жедел тергеу тобының қызметкерлері мен учаскелік полиция инспекторы оқушыларды, техникалық қызметкерлер мен педагогтарды ғимараттан эвакуациялады, кейін мектепті тексеруге кірісті.

«Тексеріс барысында осы мектептің екі мұғалімі бұрыш баллонын қарағаны анықталды, кейін біреуі салдарын ойламастан, баллонды шашып жіберген, салдарынан ауамен тарап кеткен. Оқиға салдарынан 9 және 11 жастағы екі оқушы, сондай-ақ, 53 жастағы әйел аудандық ауруханаға жүгінді. Оларға медициналық көмек көрсетілді», - деді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.

Бұрыш баллонын шашқан мұғалімдерге ұсақ бұзақылық үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту мақсатында материалдар толтырылды.

Айта кетейік, бұл әрекет Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабына сәйкес 20 АЕК (73 840 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға не 5 тәуліктен 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады.

Қандай жаза берілетінін әкімшілік сот шешеді.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Мұнай

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

.

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

Дамир Ташкараев

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?

.