USD
USD
USD

Балаға арналған Kaspi Gold-ты қамқоршылары да аша алады

Қорғаншылар мен қамқоршылар өз қамқорлығындағы балаға Kaspi Gold аша алады.

Балаға арналған Kaspi Gold-ты қамқоршылары да аша алады
Фото: NEGE.kz

Бұрын балаға Kaspi Gold-ты тек анасы немесе әкесі аша алатын. Енді Kaspi.kz Білім министрлігімен, Цифрландыру министрлігімен және «ҰАТ» АҚ-мен бірлесіп, бұл қызметті қорғаншылар мен қамқоршыларға да қолжетімді жасады.

Михаил ЛОМТАДЗЕ, Kaspi.kz басшысы және негізін қалаушы:

– Біз қазір балаға арналған Kaspi Gold-ты қамқорлығындағы балаларға үшін қамқоршылар да аша алатынын қуана хабарлаймыз. Қазақстан Республикасы Білім министрлігімен, Цифрландыру министрлігімен және «ҰАТ» АҚ-мен бірлесе отырып, біздің команда тез арада осындай онлайн сервисті құрды. Балаға арналған Kaspi Gold арқылы сіз балаларға қажетті шығындар үшін ақша аударып, қаржылық сауаттылық негіздерін үйрете аласыз. Біздің сүйікті клиенттерімізге бізбен бірге болғандары үшін рахмет!

Айбат ІЛИЯСОВ, ҚР Оқу-ағарту вице-министрі:

– Қазақстан Республикасы Білім министрлігі мемлекеттік қызметтерді электронды және проактивті форматқа көшіру бойынша жұмысты жалғастыруда. Kaspi.kz-пен бірге біз қорғаншылар мен қамқоршыларға қосымша қағаз сертификаттарын бермей-ақ балаларға Kaspi Gold картасын ашуға мүмкіндік беретін сервисті іске қостық. Қызметтердің онлайн қолжетімділігі оларды алуды жеңілдетеді және азаматтар мен қызмет көрсетушілер арасындағы байланысты болдырмайды.

Ростислав КОНЯШКИН, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы:

– Екі жыл бұрын ҚР Цифрлық даму министрлігінің бастамасымен біз мемлекеттік қызметтерді сыртқы платформаларға, соның ішінде банктік қосымшаларға енгізуді бастадық. Бүгінде біз кейбір қызметтердің eGov-қа қарағанда танымал екенін көреміз. Ақпараттық жүйелерді біріктірудің арқасында Kaspi.kz қосымшасындағы қызметтердің саны артып келеді, енді қамқоршы балаға банк картасын ашуға мүмкіндік туды, сол арқылы біз бизнесті дамытуға және азаматтардың тұрмысын жақсартуға мүмкіндік береміз.

Қазір оқып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті бар сағат 600 мың теңгеге сатылып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті түсірілген сағат

Еуропалық алаяқтықпен күрес бюросы Қазақстаннан жеткізілетін өнімдерді тексеріп жатыр

өнімдер

Құрылтай депутаты Айсұлу Сүлейменова Азия рекордын жаңартты

Айсұлу Сүлейменова

Халықаралық арбитраж Қазақстанның Қашаған бойынша 12 млрд долларлық талабын қабылдамады

Қашаған