USD
USD
USD

Балаева Батыс Қазақстан облысының зиялы қауым өкілдерімен кездесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» Жолдауын іске асыру аясында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына барды.

Балаева Батыс Қазақстан облысының зиялы қауым өкілдерімен кездесті
Фото: NEGE.kz

Орал, NEGE. Әкімдік активімен кездесуде министр мемлекет пен қоғамның дамуы орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың азаматтық қоғаммен, ғылыми және шығармашылық интеллигенциямен, жастармен тиімді өзара іс-қимылына тікелей байланысты екенін атап өтті.

Сонымен қатар, А.Балаева Министрлік пен облыс әкімдігінің бірлескен жұмысының негізгі бағыттарына баса назар аударып, өңірдің қоғамдық-саяси жағдайы саласындағы өзекті мәселелерді атап өтіп, жұмысты одан әрі жалғастыру бойынша ұсыныстар берді.

Сапар бағдарламасының маңызды бөлігі министрдің Облыс Қоғамдық кеңесінің мүшелерімен және шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен кездесулері болды. Аталған кездесулер барысында ағымдағы жылдың қаңтар айында «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңға енгізілген заңнамалық түзетулерді іске асыру, сондай-ақ «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жол картасын іске асыру сияқты маңызды мәселелер талқыланды.

Сонымен қатар, жұмыс сапары аясында А.Балаева облыстың белсенді жастарымен кездесіп, Махамбет университетінің, Оқушылар сарайының жұмысымен танысып, «Атамекен» өнер ордасының» салтанатты ашылуына қатысты.

 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Қасым-Жомарт Тоқаев

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Назарбаева

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

Медет Жээналиев

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады

Алматы жастары