USD
USD
USD

Балаева АҚШ Елшісімен кездесті

Бүгін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Уильям Мозермен кездесті.

Балаева АҚШ Елшісімен кездесті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Министрліктен мәлім еткендендей, А.Балаева әңгімелесу барысында Қазақстан мен АҚШ екіжақты өзара тиімді ынтымақтастық шеңберінде, атап айтқанда, діни қызметті реттеу, оның ішінде адамның діни сенім бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету саласында жақын және сенімді қарым-қатынас орнатуды жалғастырып жатқанын атап өтті.

«Сондай-ақ, ол Қазақстанның отандық медиа-саланы жаңғырту, мықты және бәсекеге қабілетті отандық БАҚ-ты дамыту, мемлекеттің қоғаммен және медиа-нарықтың кәсіби қатысушыларымен диалогы үшін жағдай жасау бойынша ауқымды жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті. Өз кезегінде, Елші министрліктің ақпарат, діни сенім бостандығы және азаматтық қоғамды дамыту салаларындағы қызметін, атап айтқанда, гранттық қаржыландыру аясында ҮЕҰ-ны қолдауды жоғары бағалады. Кездесу соңында тараптар тығыз және өзара тиімді қарым-қатынас орнатуға ниет білдірді», - делінген ақпаратта.

Қазір оқып жатыр

«Оземпик», «Мунджаро»: арықтататын препараттардың пайдасы мен қаупі қандай?

Оземпик

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесті

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесу

Алаяқтар енді eGov қызметкері ретінде хабарласа бастаған

алаяқтық

«75-тің хаты»: Қырғызстанда Қамшыбек Ташиевке шыққан үкім өзгертілді

Қамшыбек Ташиев