USD
USD
USD

Балаева Премьер-министрдің орынбасары қызметіне тағайындалды

Президент Аида Балаеваны Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі лауазымына тағайындады.  

gov.kz
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Аида Балаева 2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, 2007 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін бітірген. Әлеуметтік ғылымдар кандидаты.

1999-2002 жылдары – Алматы облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының жетекші маманы, бас маманы, бөлім бастығы.

2002-2004 жылдары – Алматы қалалық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының талдау және қоғамдық-саяси үрдістерді үйлестіру бөлімінің бастығы.

2004 жылғы қаңтар мен қыркүйек аралығында – Алматы қаласы бойынша ақпарат басқармасының талдау және болжау бөлімінің бастығы.

2004-2005 жылдары – Алматы қаласы бойынша ақпарат басқармасы бастығының орынбасары.

2005-2006 жылдары – Алматы қаласының ішкі саясат департаменті директорының орынбасары.

2006-2008 жылдары – Алматы қаласының ішкі саясат департаментінің директоры.

2008-2010 жылдары – Астана қаласының ішкі саясат басқармасының бастығы.

2010-2014 жылдары – Астана қаласы әкімінің орынбасары.

2014-2019 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі.

2019-2020 жылдары – президенттің көмекшісі – ҚР Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі. 

2020-2022 жылдары (қаңтар) – ақпарат және қоғамдық даму министрі.

2022-2023 жылдары (қыркүйек) – ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары.

2023 жылғы 2 қыркүйектен бастап – мәдениет және ақпарат министрі.

Қазір оқып жатыр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

.

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Арай Есенбек

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

.

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады

әділет партия