Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Балабақшаларға қойылатын талаптар күшейтіледі

Балабақшаларға қойылатын талаптарды күшейту қажет, деп есептейді Қазақстанның Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Балабақшаларға қойылатын талаптар күшейтіледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Қазір біз бес бағыт бойынша жұмыс істеп жатырмыз – лицензиялауды қайтару, аттестаттауды өткізу, мемлекеттік тапсырысты орналастыруға қойылатын талаптарды күшейту, кадрлық әлеуетті арттыру, бағдарламалар мазмұнын жаңарту", - деп хабарлады Аймағамбетов.

Аймағамбетов он жылдан астам уақыт бұрын балабақша санын тезірек көбейту үшін олардың қызметін лицензиялаудан бас тарту туралы шешім қабылданғанын еске салды. Ал кейінірек мемлекеттік бақылау да, мониторинг те және олардың қызметін реттеу де алынып тасталған. Нәтижесінде жекеменшік балабақшалар саны күрт артып, 3 жастан 6 жасқа дейінгі бүлдіршіндер бірден 99%-ке дейін қамтылды. Алайда балабақшалардың сапасы төмендеп кетті.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша тексерілген балабақшалардың 80% - ы мемлекеттік аттестаттаудан өте алмады.

"Тәрбиешілердің жалақысы жыл сайын 25%-ке өскенімен, базалық жалақының аздығынан ол әлі де болса жеткіліксіз. Қазір біз бірнеше балабақшада пилоттық жоба бастадық. Бұл жоба бойынша екі тәрбиеші жарты күн емес, күні бойы жұмыс істеп, екі есе жалақы алады. Кейін пилоттық жоба нәтижесі бойынша шешім қабылданады", - деді министр.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан жаһандық көлік бағыттарының маңызды бөлігіне айналып келеді

логистика

Каспий теңізі бетін майлы дақ басты: экологтар не дейді?

Каспий

25 тамыздан бастап электросамокатпен тротуарда жүруге тыйым салынады

самокат

Стример әйел TikTok-тағы эфирден кейін психикалық ауруханаға жатқызылды

стример