USD
USD
USD

Балабақшалар жұмысын тоқтатты

Ақтөбеде мектепке дейінгі мекемелер жұмысын тоқтатады. 

Балабақшалар жұмысын тоқтатты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ақтөбе облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаеваның жаңа қаулысы шықты. Онда балабақшалар жұмысын тоқтатуға шешім шығарылған.

«Ақтөбе қаласының және аудандардағы балабақшалар, бірге білім беру орталықтары, үйірмелер, қосымша білім беру мекемелерінің жұмысы 25 маусымнан бастап уақытша тоқтатылсын», – деп жазылған қаулыда.

Айта кетейік, Ақтөбеде соңғы тәулікте тағы 25 адам ауырып, инфекциялық госпитальға жатқызылды. Біреуі Мәртөк, жетеуі Хромтау ауданынан болса, өзгесі Ақтөбе қаласының тұрғыны. Арасында 4 жасар бала бар.

Облыста барлығы 653 адам тіркелсе, оның тең жартысынан астамы емделіп шықты. Ал ешқандай клиникалық белгісі байқалмайтындар қатары 345-ке жетті.

Бір тәулікте облыста 38 тасымалдаушы тіркелді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қорғаныс министрлігін тексеретін арнайы комиссия құрды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Бурабайда шетелдік ғалымдар Өр Алтайдың түркі өркениетіндегі тарихи рөлін талқылады

.

Тимур Турлов FIDE президенті болып сайланды

Тимур

Мемлекет экс-әкіммен байланысты қоқыс полигонын қайтарып алды

Бағдат Қарасаев