USD
USD
USD

Енді балабақшалар екпе алмаған балаларды қабылдамайды

Бұл туралы Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова мәлім етті, деп

Енді балабақшалар екпе алмаған балаларды қабылдамайды
Фото: NEGE.kz

жазды Ulysmedia.kz.

Алматы, NEGE. Бас санитардың сөзінше, мұндай тыйымды енгізуге елімізде қызылша дертінің асқынуы себеп болып отыр.

Наурызда Қазақстанда қызылшаның 70-тен астам жағдайы зертханамен расталды. Әсіресе, Алматыда ахуал күрделі. Мұнда жыл басынан бері қызылшамен 46 науқас ауырды. Науқас балалардың жартысының ата-аналары екпеден бас тартқан.

Еліміздің бас санитарлық дәрігерінің айтуынша, балабақша тобындағы балалардың 90%-ы вакцинациялануы керек. Егер екпе алмағандардың саны 10%-дан көп болса, онда олардың келуіне тыйым салу мәселесі қарастырылады.

"Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрықтарының бірінде норма бар. Балабақшаларда вакцинацияланбаған балалардың саны 10 %-дан аспауы керек. Жергілікті санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменттеріне осыны анықтауға мониторинг жүргізуді тапсырдық. Егер норма сақталмаса, вакцинацияланбаған балаларды балабақшаларға жіберуді тоқтатамыз. Мұны өзіміз ауырмас үшін және басқаларға жұқтырмас үшін жасаймыз. Басқа жол жоқ. Бұл – заң нормасы, ортақ жауапкершілік. Науқастардың саны өсе береді, біз балаларды қорғауымыз керек", – дейді Айжан Есмағамбетова.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе