USD
USD
USD

Балабақшадағы балалардың басқа баланы жабылып ұрған видеосы тарады

«Ясли-сад №51» бөбекжайында балалардың қатарласын ұрып-соққан сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Балабақша
Фото: видеодан

Алматы, NEGE. Кадрлардан баланы қатарластарының еденге құлатып, жұдырықпен ұрып, тепкілегенін байқауға болады. Зардап шеккен баланың ата-анасының айтуынша, жантүршігерлік оқиға 21 ақпанда болған.

 

«Ұлымызды ұрып-соғу шамамен бес минутқа созылған. Балалар ол кезде тәрбиешінің қарауынсыз қалған. Ұлым қазір миы шайқалып ауруханада жатыр. Балалардың қатыгездігіне шек жоқ. Оларға ата-анасы осындай тәрбие берді ме? Ал тәрбиеші балаңыз өзін-өзі ұрған деп айтты», - деді зардап шеккен баланың ата-анасы.

Алынған түсіндірме хатқа сәйкес, тәрбиеші бұл уақытта балаларға түскі ас алып келу үшін шығып кеткен. Сол себепті, балалардың тәртібін қадағалай алмаған. 

«Балабақша әкімшілігінің бұйрығымен тәрбиеші қатаң сөгіс алды. Сонымен қатар балабақша меңгерушісіне де тәртіптік жаза қолданылды», - деп хабарлады Алматы қалалық білім басқармасынан.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пен Димаш әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның тізіміне енді

Тоқаев және Димаш

Президент ұстанымы: заң алдында бәрі тең, жауапкершілік баршаға ортақ

Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан құрамасы Молдоваға тағы да есе жіберді

Қазақстан Молдова

Тоқаев ҚТЖ жұмысын сынға алды

Қтж