USD
USD
USD

Балабақшада алған соққыдан екі жасар баланың миы шайқалған

Айтуынша бөбегінің миы шайқалып, емдеуден өтсе де әлі күнге дейін іс дұрыс қаралмаған деп жазды «Диапазон» порталы.

Балабақшада алған соққыдан екі жасар баланың миы шайқалған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ақтөбеде балабақшада екі жасар ұлы соққыға ұшыраған ана билік пен қоғамнан кінәлілерді жауапқа тартуды сұрап, бейне үндеу жариялады.

Айжан Жақсымұратованың екі жасар ұлы Ибрагим 12-шағын аудандағы "Әмір" балабақшасына барады. 8 желтоқсанда бүлдіршін балабақшадан беті көгеріп оралған. Мұғалім баланың басын есікке соққанын айтқан. Ал сол күні кешке Ибраһим ерте ұйықтап қалып, түнде қатты ауырып оянған.

Жұма күнінен бастап күдіктенген анасы баласын балабақшаға апармай қауіпсіздік камерасынан түсірілген бейнелерді көруді сұрай бастаған. Бірақ балабақша басшылығы видеоны "техникалық ақауларға байланысты" көрсетуден бас тартқан.

Кейін ауруханада Ибрагимге «миы шайқалған» деген диагноз қойылып, анасы мен баласы травматология бөлімінде емделген.

Айжан оқиғадан бері үш айдан астам уақыт өтсе де күні бүгінге дейін оның ісінде ілгерілеушілік жоқ екенін алға тартты. Сөзінше, тіпті істі тергеуді тоқтату үшін бірнеше рет қомақты ақша ұсынған. Алайда ол ақшаны алудан бас тартқан.

Ана ұлына не болғанын, тек шындықты білгісі келетінін айтып отыр.

Қазір оқып жатыр

Ақын Ербол Бықыбаев терроризмді насихаттады деген күдікпен ұсталды

Ербол Былықбаев

Хайнаньда 150-ден астам қазақстандық рейсті бір тәуліктен аса күтуге мәжбүр болды: Air Astana мән-жайды түсіндірді

 Air Astana

Трамптың ұлы мен мен Кремльге жақын кәсіпкер Қазақстанда кездесіп, іскерлік келіссөз жүргізген болуы мүмкін – БАҚ

Умар Кремлев, кіші Трамп

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID