USD
USD
USD

Балабақша тәрбиешісі вирус жұқтырды

Батыс Қазақстан облысында балақбақша тәрбиешісі коронавирус жұқтырды, – деп хабарлайды «Мой город» порталы.

Балабақша тәрбиешісі вирус жұқтырды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Облыстық бас санитар дәрігері Мұхамғали Арыспаевтың айтуынша, өңірде жалпы 6 903 адам COVID-19 жұқтырған. Оның 3491-і симптомсыз науқастар. Арыспаев облыста короновирус жұқтырғандар саны артып келе жатқанын атап өтті. Тек соңғы 4 тәулікте 18 адам ауру жұқтырған. 

«Соңғы 4 тәулікте ауру жұқтырғандарға тоқталайын. Олардың арасында 75-80 жастағы адамдар, БҚО тұрғындары мен Ресейден келген азаматтар бар. Бөрлі ауданында балақбақша тәрбиешісінен коронавирус анықталды. Балабақшада карантин жарияланды. Бүгін, 16 қазанда ондағы тәрбиешілер мен балалардан және ауру жұқтырған науқастың туыстарынан ПТР-тест алынады», – деді Мұхамғали Арыспаев.

Сонымен қатар, облыстық бас санитар дәрігер Ресейде COVID-19 жұқтырғандар санының өсуіне байланысты Батыс Қазақстан облысындағы 4 шекара бекетінде карантин талабы күшейетінін айтты.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға көлік әкелу тәртібі өзгереді: жеке тұлғаларға қандай талап қойылады?

atameken.kz

Шахмұрат Мүтәліптің компаниясы Ауғанстанда теміржол салды

теміржол

Қазақстан бокс федерациясы Азиададағы Сабырхан мен Богданованың нәтижесіне наразылық білдірді

Махмұд Сабырхан, Наталья Богданова

Қазаннан бастап Алматыда айып тұрағындағы әр күн үшін көлік иелерінен 21 мың теңге алынады

Айып тұрағындағы көліктер