Балабақша меңгерушісінің 15 жастағы ұлы тәрбиеленушілерді азғырған
Ташкенттегі балабақша Бас прокуратураның назарына іліккен. Меңгерушінің 15 жастағы ұлы 6 жастағы қыздарға тиісіп, шешінуге мәжбүрлегені белгілі болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Алматы, NEGE. Портал мәліметінше, жоғары сынып оқушысы балабақшаға күн сайын келіп, дайындық тобындағы балалармен оңаша қалатын болған. Қорқытып-үркітіп, төрт қызды шешінуге мәжбүрлеген, біреуі шетелдіктің қызы болған. Жасөспірім қыздарға қолын жүгірткен, содан кейін біреуі айғалап жібергенде ол қорқып кетіп қалады.
Балалар кешке барлығын ата-анасына айтып, олар құқық қорғау органдарына арыз жазып, оқиғаны журналистерге жеткізген. Қыздардың ата-анасы балалар жатқан бөлмеде камера орнатылмағанын, тергеу күні кіреберістегі камера кенет істемей қалғанын айтады.
Бас прокуратура оқиғаны өз бақылауына алғанын хабарлады. Дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 119-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалған.
Мектепке дейінгі және мектептегі білім беру министрлігі №230 балабақша меңгерушісі "қызметіне жауапсыз қарап, балалардың өміріне қауіп төндіргені үшін" қызметінен босатылғанын хабарлады.