USD
USD
USD

Балабақша қызметкері көлігімен 6 баланы қағып кетті

Балабақшада жұмыс істейтін әйел көлігімен алты баланы қағып кетті. Ол көлікті көлеңкеге қоймақ болған.

Балабақша қызметкері көлігімен 6 баланы қағып кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Шумкар» балабақшасының қызметкері 43 жастағы А.А. Лейлек ауданы Жаңа-Жер ауылында жекеменшік Hyundai Getz көлігін көлеңкеге қою үшін балабақша ауласына айдап кіріп, аулада ойнап жүрген алты баланы қағып кетті, – деп мәлімдеді Баткен облысы бойынша ішкі істер басқармасының баспасөз қызметінің өкілі.

Жол-көлік оқиғасынан алты баланың үшеуі зардап шекті. Олар – 1,5 жарымнан бес жасқа дейінгі бүлдіршіндер. Тергеу барысында әйелдің жүргізуші куәлігі болмағаны белгілі болды.

Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Әйел жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қазір оқып жатыр

Боксшы Айбек Оралбай Азия ойындарының чемпионы атанды

Айбек Оралбай

Әлеуметтік тұрғын үйге бөлінген 101 млн теңгені жымқырған: Алматы облысында үш адам сотталды

блогер соты

Түркістан облысындағы ауылдарда сел жүріп, тұрғын үйлер мен қора-жайларды су басты

Сел

Ресейден 2,1 млн вакцина жеткізілмек: Қазақстанда тұмауға қарсы екпе басталды

Дәрігер