2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Балабақша мен мектептерде наурызкөже әкелуге тыйым салынды

Бұл шектеу балалардың денсаулығына қауіп төндірмеу мақсатында қабылданған.

наурыз
Фото: okg.kz

Астана, NEGE. Наурыз мрекесіне орай білім беру ұйымдарында биыл тек мәдени-танымдық шаралар ұйымдастыруға рұқсат етілген, деп хабарлайды «31 арна».

Арна тілшісінің мәлімдеуінше, наурызнаманың он күндігіне арналған мерекелік бағдарламаға жаңа шектеу қойылды. Ұлыстың ұлы күнінде мектеп пен балабақшаға наурызкөже, бауырсақ пен басқа да ұлттық тағамдарды әкелуге тыйым салынады. Мамандар сырттан әкелінген тағамдардан балалар уланып қалуы мүмкін екенін алға тартады. Сондықтан санитарлық-эпидемиологиялық талаптар күшейтілген.

«Сырттан тағамдар әкеліп, оқушылардың қатысуымен өтетін дастархан жаю деген секілді шараларға барлық білім беру мекемесінде қатаң тыйым салынған. Бұл, ең алдымен, балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмеу мақсатында ұйымдастырылып отыр», – дейді Қызылорда облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Асхат Қанатов.

Мамандардың айтуынша, бұл талап бөбекжай тәрбиеленушілері мен оқушыларға мерекенің мән-мағынасын түсіндіруге кедергі келтірмейді. Өйткені білім ұяларында тәрбиелік сағаттар, көрмелер мен концерттік бағдарламалар, ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізуге тыйым салынбаған.

Қазір оқып жатыр

Бозымбаев: Маңғыстаудағы қайғылы оқиғаға кінәлі лауазымды тұлғалар қатаң жазаланады

Әскери қызметшілер теңіз суына батып кетті

Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшілер саны 12-ге жетті

Маңғыстау

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды

Траур

Астана тұрғыны АИ-95 бензинін құйғаннан кейін көлігі тартпай қалғанына шағымданды

Жанар-жағармай бекеті