USD
USD
USD

Балабақша бухгалтері қарызын жабу үшін 15 млн теңге жымқырған

Балабақша бухгалтері өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, аса ірі көлемде өзіне сеніп тапсырылған бюджет қаражатын ұрлаған (ҚК 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы), деп хабарлайды Жоғарғы сот. 

Сот шешімі
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Ол 2021-2023 жылдары жалақысына коэффициентін жасанды түрде арттырып, банктегі шотына жалпы сомасы 15 миллионнан астам теңге аударған. Сотталушы сотта бұл қылмысқа қаржылық қиындықтардан (қарызын өтеу мақсатында) барғанын түсіндірген.

Сотталушының кінәсі өзінің мойындауымен, куәнің айғақтарымен, сараптама қорытындыларымен, төлем құжаттарымен, сотта зерттелген тергеу және жасырын тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен расталады. Істеген ісіне өкінуі, келтірілген зиянды толық өтеуі және асырауында үш кәмелетке толмаған баланың болуы жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайлар деп танылды.

Сотталушы ҚК-нің 189-бабының 4-бөлігінің 2) тармағымен кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан және 10 жылға мемлекеттік және коммерциялық ұйымдарда тауарлық-материалдық құндылықтарға билік етумен байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айырылды. ҚК-нің 63-бабына сүйене отырып, пробациялық бақылау белгіленіп, тағайындалған жаза шартты деп есептеледі.

 Үкім заңды күшіне енді.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар