USD
USD
USD

Бала туу құжаттарын рәсімдеу бұрынғыдан да ыңғайлы болды

 Енді азаматтар баланың тууын тіркеу қызметін eGov.kz порталына кірмей-ақ, неғұрлым ыңғайлы проактивті форматта ала алады.

Бала туу құжаттарын рәсімдеу бұрынғыдан да ыңғайлы болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. eGov.kz порталының мәліметінше, бұл қызметте SMS хабарламалар мен хабарландырулар қолайлы процесске оңтайландырылған. Себебі, мемлекет азаматқа белгілі бір тұрмыстық жағдайға қажетті қызметті алуды өзі ұсынады. Ол үшін ешқайда барудың қажеті жоқ, тек SMS-ке жауап ретінде қажетті ақпаратты жіберсе жеткілікті. «Бала туғаннан кейін бір тәулік ішінде ақпараттық жүйе медициналық мекемеден хабарлама алып, баланың ата-анасына қызмет көрсету үшін қажетті ақпаратты алу мақсатында кезең-кезеңімен 1414 нөмірінен SMS жібереді. Бұрын азаматтар SMS хабарламаларды басқа форматта алатын. Енді процесс әлдеқайда жеңілдеді, әлдебір әріптерді көрсету талап етілмейді, тек қойылған сұрақтарға жауап беру керек», - деп жазылған ақпаратта.

Қызметті пайдалану үшін мобильді азаматтар базасында тіркеуде болу қажет, тіркеусіз SMS хабарлама келмейді. Қызмет тегін көрсетіледі, тек телефон нөмірінде теңгерім болу керек. «Қызмет көрсету үшін қажетті мәліметтер әртүрлі мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынады, ал жетіспейтін мәліметтер баланың ата-анасынан SMS-арқылы сұралады. Қызмет көрсету нәтижесінде азаматтар баланың туу туралы куәлігінің (қағаз түрінде) дайын екендігі туралы SMS хабарлама немесе бас тарту себебі көрсетілген дәлелді жауап алады» делінген ресми жазбада.

Қазір оқып жатыр

Сербия президенті Александр Вучич отставкаға кететінін мәлімдеді

Александр Вучич

Өзбекстан құрамасы Конгоға есе жіберіп, әлем чемпионатындағы ойынын аяқтады

Өзбекстан құрамасы

Жамбыл облысында 1 млрд теңгедей қаржыға салынған канал опырылып түсті

Қарақат каналы

Асу Алмабаев UFC турнирінде мерзімінен бұрын жеңіске жетті

.