USD
USD
USD

Бала туғанда берілетін төлемдерді ресімдеу жеңілдеді

Бала тууына және бір жасқа толғанына дейінгі күтіміне байланысты төленетін жәрдемақыны ресімдегісі келетін қазақстандықтар енді тұрғылықты жеріне қарамастан, еліміздің кез келген ХҚО-на жүгіне алады.

Бала туғанда берілетін төлемдерді ресімдеу жеңілдеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұрын тұрақты тіркеудің болуы және тіркелген жері бойынша ХҚО-ға жүгіну – әлеуметтік төлемдерді ресімдеудің басты критериінің бірі болған.

«Экстерриториалды қағидат тұрғылықты тіркеу орнына тәуелді болмай, клиенттерімізге қозғалыс еркіндігін береді. Оның арқасында қазақстандықтар баланың тууына және оның күтіміне байланысты жәрдемақыны, тіркелген мекенжайына қарамастан, елдің кез келген ХҚО-да бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді ресімдей алады. Жыл соңына қарай біз төлемдердің басқа түрлері бойынша да экстерриториалды қағидатты енгізуді жоспарлап отырмыз», деді «Азаматтарға арналған үкімет» басқарма төрағасының орынбасары Біржан Жүнісов.

Айта кетейік, 2021 жылдың 8 айында бала тууына және оның бір жасқа дейінгі күтіміне байланысты жәрдемақылар бойынша 300 мыңнан астам мемлекеттік қызмет ресімделген.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жүк көліктерінің жүргізушілерін ереуілге шақырған ер адам ұсталды

.

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты