USD
USD
USD

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Бейбіт Шүменовтің жауапкершілікке тартылуын сұрады

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Астанадағы сауда орталығында болған оқиғаға қатысты пікір білдірді.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Бейбіт Шүменовтің жауапкершілікке тартылуын сұрады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Балалар омбудсмені Динара Зәкиева Астанадағы тамақтану орындарының бірінде баласын көтерген ер адаммен төбелескен Бейбіт Шүменовтің жауапкершілікке тартылуын сұрады.

Ол бұл туралы өзінің фейсбук парақшасында жазды. 

«ІІМ-не қылмыстық әрекет жасаған тұлғаның өз іс-әрекетімен жәбірленушінің қолында болған баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіргенін ескеру қажеттілігі туралы жүгіндім. Балаға қауіп төну фактісі әлеуметтік желілерде жарияланған бейнекадрлармен расталды. Сол себепті бұл жағдайда тұлғаны жауапкершілікке ҚР ҚК-нің 115-бабы «Қорқыту» бойынша тарту қажет деп ойлаймын. Қолданыстағы заңнамада балаға қауіп төндіретін жағдай туғызу үшін жауапкершілікті көздейтін бап жоқ. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша заңнамаға дайындалған өзгерістер блогына тиісті ұсыныс енгізетін боламын», - деп жазды Динара Зәкиева. 

Қазір оқып жатыр

Алматыдағы Dostyk Plaza сауда орталығында дабыл қағылып, келушілер сыртқа шығарылды

Dostyk Plaza

Орал қаласы әкімінің орынбасарына 648 мың теңге айыппұл салынды

Шенеунік

Қазақстанда мобильді аударымдарды тексеру шегі 1,5 миллион теңгеге дейін көтерілмек

Смартфон

Песков: Ресей Түркі мемлекеттері ұйымына ресми шақырту алған жоқ

Дмитрий Песков