USD
USD
USD

Бала денсаулығына зиян ойыншықтар сатылған

Қостанай облысының тауар сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің қызметкерлері қауіпті ойыншықтарды анықтап, дүкен сөрелерінен алып тастады.

Бала денсаулығына зиян ойыншықтар сатылған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Өткен жылы аумақтық басқармалардың мамандары 167 ойыншық сынамасын іріктеп алған, оның 67-сі техникалық регламент талаптарына сәйкес келмеген.

«Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламент бойынша, дайындаушы немесе өнім беруші тарап сатып алушыны ойыншық туралы қажетті ақпаратпен қамтамасыз етуге тиіс. Тиісінше, тұтынушы ойыншықтың құрамы, қасиеттері, сақтау, пайдалану шарттары, жарамдылық мерзімі, салмағы, қауіпсіздігі сияқты мәліметтерді білуі қажет. Бүгінде талаптарға сәйкес келмейтін ойыншықтардың 80 пайызы Қытайда өндірілген, қалған 20 пайызы Ресей, Украина, Өзбекстан елдерінен келген ойыншықтар. Атап айтқанда, Қытайдан әкелінген «Барби Beauty» және «L.O.L. Fruit doll», «Racing Super» ойыншықтары токсикологиялық-гигиеналық көрсеткіштерге сәйкес келмеді. Бұлар баланың денсаулығына қауіпті. Аталмыш ойыншықтар дүкен сөрелерінен алынып тасталды», – деді департамент басшысы Рагуль Таженова.

2019 жылы талаптарға сәйкес келмейтін ойыншықтарды сатқан жауапты тұлғаларға 314 061 теңге сомасына 6 айыппұл салынды.

Қазір оқып жатыр

Мейіржан Төребаев бостандыққа шықты

.

Тоқаев пен Пезешкиан бір-бірін Наурыз мейрамымен құттықтады

.

Ақпарат министрі Аида Балаева Ботагөз Омарованың ісі жайлы не дейді?

.

Тоқаев Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

.