Бала санына байланысты берілетін жәрдемақы өсті
Елде балалы отбасыларға мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақы көлемі былтырға қарағанда өсті. Бұл жайында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.
Алматы, NEGE. Мәселен, былтыр 1, 2 және 3-бала туғанда берілетін жәрдемақы 140 мың 296 теңге болса, биыл 149 мың 416 теңгеге жетті. Төртінші балаға берілетін төлем 247 мың 716 теңгені құрайды.
Айта кетейік, елімізде көп балалы отбасыларға берілетін ай сайынғы жәрдемақы көлемі бала санына қарай сараланған мөлшерлемемен есептеледі. Мәселен, былтыр 4 балалы отбасылар мемлекеттен 59 мың 183 теңге жәрдемақы алса, биыл бұл отбасылар 63 мың 30 теңге алады. 10 және одан көп бала сүйген жанұялар биылдан бастап 157 280 теңге жәрдемақы алады.
1, 2 және 3 бала - 149 416 тг
4 және одан көп бала - 247 716 тг
4 және одан көп балалы отбасылар - 63 030 тг
10 және одан көп балалы отбасылар - 157 280 тг
Қазір оқып жатыр
«Ғалымдар жаппай қуылды» деген ақпарат шындыққа жанаса ма? Ясауи университеті жауап берді
2 млрд теңге табыс тапқан: Алматыда Kizdar.net сайтын құрушылар қамауға алынды
АҚШ-та жоғалып кеткен қазақстандық жігітке қатысты тың ақпарат айтылды
Samruk-Kazyna Construction еншілес компаниясын 228,8 млн теңгеге сатпақ