USD
USD
USD

Бала күтіміне байланысты жәрдемақы мөлшері артты

Қазақстанда 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап бала күтіміне байланысты аналарға төленетін жәрдемақы мөлшері өсті.

ақша
Фото: astanatv.kz

Алматы, NEGE. Қазақстанда 2025 жылдан бастап балаларды күтуге байланысты мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері  өзгерді. 1 қаңтардан бастап айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 3692 теңгеден 3932 теңгеге дейін көтерілді. Жаңа мөлшерлер бойынша:

  • 1-ші балаға — 22 649 теңге (2024 жылы 21 266 теңге);
  • 2-ші балаға — 26 777 теңге (2024 жылы 25 143 теңге);
  • 3-ші балаға — 30 867 теңге (2024 жылы 28 982 теңге);
  • 4-ші және одан кейінгі балаларға — 34 995 теңге (2024 жылы 32 859 теңге).

Сонымен қатар, босанған әйелдерге берілетін бір реттік сүйіншіпұл құны да өзгерді:

  • 1-ші, 2-ші және 3-ші балаға — 149 416 теңге (38 АЕК);
  • 4-ші және одан кейінгі балаларға — 247 716 теңге (63 АЕК).

Декретке шыққанға дейін жұмыс істеген әйелдер үшін біржолғы әлеуметтік төлем мөлшері соңғы 12 айдағы орташа айлық табысына негізделеді. Орташа айлық табыс еңбекке жарамсыздық күндерінің санына көбейтіліп, нәтижесінде шыққан сомадан 10 пайыз зейнетақы жарнасы ұсталады.

Қазір оқып жатыр

«Дәстүрлі медианың дәурені өтті» дегенмен келіспеймін – Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев

Павлодар маңында Ми-8 тікұшағы апатты жағдайда қонды

тікұшақ

Қазақстан Қытайдан жанар-жағармайды баж салығынсыз импорттауы мүмкін

Бензин, дизель

Қорғаныс министрлігі Ербаян Мұхтардың қазасына қатысты пікір білдірді

Ербаян Мұхтар