USD
USD
USD

Бала құқықтарын қорғау комитеті блогерлерге үндеу жасады

Балалардың құқықтарын қорғау комитеті барлық блогерлерді, инфлюенсерлерді және медиа саласының қатысушыларын балалардың құқықтарын сақтауға және қолданыстағы заңнаманы қатаң ұстануға шақырды. 

б
Фото: ашық дереккөзден

Алматы, NEGE. "Әлеуметтік желіде баласының құқықтары бұзылғанын мәлімдеген ананың видеоүндеуі тарады. Бұл – танымал блогерлердің бірі жариялаған, кәмелетке толмаған баланы түсірген бейнематериал. Комитет төрағасы Насымжан Оспанова баланың анасымен тікелей байланысқа шығып, жан-жақты көмек ұсынды – психологиялық және заңгерлік көмек қарастырылды", - деп жазылған комитет хабарламасында.

Қажет болған жағдайда Комитет баланың құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін ресми түрде сот процесіне қатысуға дайын.

Жақсы ниетпен түсірілсе де, балалар қатысқан контентті жариялау олардың психологиялық жай-күйіне теріс әсер етіп, құқықтық жауапкершілікке әкелуі мүмкін.

"Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 145-бабына сәйкес, кез келген адамның, соның ішінде баланың бейнесін жариялау тек оның немесе заңды өкілінің келісімімен ғана жүргізіледі. Сондай-ақ, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» заңға сәйкес, баланың бейнесі қолжетімділігі шектеулі жеке дерек боп саналады және заңмен қорғалады. Құрмет, қорғау және қауіпсіздік – әрбір баланың құқығы. Бұл құқықтар шынайы өмірде де, цифрлық кеңістікте де қамтамасыз етілуі керек", − дейді комитет.

Қазір оқып жатыр

Әл-Фарабидегі жол апаты: Полиция экс-басшысы жүргізушісінің соты басталды

сот тыңдауы

Жұмыс күні аяқталғаннан кейін мұғалімдер ата-аналар чатындағы сұрақтарға жауап беруден бас тарта ала ма?

Атаналар чаты

Қаржы сарапшысы: Базалық мөлшерлеме – нарықтағы ақшаның құны

Әсел Әуелбекова

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жеңімпазға қатысты дауға нүкте қойылды

жеңімпаз