2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Бақтияр Мәкен қызметінен кете ме?

Биыл 26 мамырда «пара алды» деген күдікпен Нұр-Сұлтан қалалық Мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Нұрлан Сыдықов ұсталған.

Бақтияр Мәкен қызметінен кете ме?
Фото: NEGE.kz

Н.Сыдықов «Алау» спорт нысанын күрделі жөндеу жұмыстарына байланысты 10-12 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген еді. Сол кезде күдіктінің тергеу изоляторына түскенін, бұл іс біраз адамның ұйқысын қашырғанын жазғанбыз.

Қазіргі уақытта бізге «Н.Сыдықовқа қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталып, іс сотқа жіберілді» деген ақпарат жетті.

Н.Сыдықов

Заңның қалыбына салсақ, қарамағындағы қызметкердің қылмысы сот үкімімен дәлелденсе, тікелей басшысы қызметінен кетуі тиіс. Нұрлан Сыдықов жетекшілік еткен мәдениет басқармасына Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен жауапты. Егер сот Нұрлан Сыдықовты қылмыс жасады деп таныса, Бақтияр Мәкен қайтпек? Қызметінен кете ме?

Н.Сыдықовтың қылмыстық ісіне қатысты мәселенің анық-қанығын білмек болып, тілшіміз Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметіне хабарласқан. Тұтқаның ар жағындағы өкіл қандай мәселе бойынша хабарласып тұрғанымызды естігеннен кейін «бұл сұраққа жауап беретін басшымыз сыртқа шығып кетіп еді, 15-20 минуттан кейін хабарласыңыз» деген. Алайда 20 минут бірнеше сағатқа ауды, күн ұясына батты, ақырында ешқандай дерек ала алмадық.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері де Н.Сыдықовтың ісіне қатысты қандай да бір пікір айтудан үзілді-кесілді бас тартты.

Бұл жөнінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары не дейтінін білмекке Бақтияр Мәкеннің өзіне шығуға тырыстық. Алайда тұтқаны көмекшісі көтерді. Көмекші де бұл жөнінде ешқандай түсініктеме бермейтінін айтты.

Сонда бұл қылмыстық іске «мемлекеттік құпия» деген таңба соғылған ба? Әлде бұл жөнінде ештеңе айтпау жөнінде әлдекімнің астыртын нұсқауы бар ма?

Әзірге Н.Сыдықовтың қылмыстық ісі мен Б.Мәкеннің қызметінен кету-кетпеуіне қатысты сұрақтың басы ашық.

Nege.kz редакциясы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне, Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігіне және Нұр-Сұлтан қалалық сотына ресми сауал жолдайды.

Қазір оқып жатыр

Рөлі істен шығуы мүмкін: Volkswagen мен Audi-дің 900 мыңға жуық көлігі кері шақырылды

Көліктер

Қазақстан құрамасының тағы бір көшбасшысы Ұлттар лигасындағы матчтарға қатыспайтын болды

Максим Самородов

Қарағандыдағы Бөкетов университетінің үш студентінен туберкулез анықталды

Бөкетов ұлттық университеті

Қытай халқы қазақ халқына ешқашан ешқандай зиян келтірген жоқ – Тоқаев

«Қазақстан-Қытай» инвестициялық форумы