USD
USD
USD

Бақтияр Байсейітовқа ақша қаражатын ұрлау ісі бойынша іздеу жарияланды

Антикор "Қаратау" ЖШС ("Қазатомөнеркәсіп" ҰАК АҚ еншілес ұйымы) және "Iri building" ЖШС лауазымды тұлғаларына қатысты 2019-2021жылдары Түркістан облысындағы Қаратау кенішінде қызмет көрсету кезінде ақша қаражатын ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі жалғастырады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бақтияр Байсейітовқа ақша қаражатын ұрлау ісі бойынша іздеу жарияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Тергеу барысында Б. Байсейітов Қ. Сатыбалдыұлымен туыстық байланыста болуын қолдана отырып бақылауындағы компанияны "Iri building" ЖШС лоббилап отырғаны анықталды. "Қаратау" ЖШС кәсіпорны мен квазимемлекеттік сектор субъектісімен 2019 жылы "Қаратау" кеніші бойынша 6,2 млрд теңге сомасына құрылыс жұмыстарына шарт жасасты.

«Байсейітов "Iri building" ЖШС қызметін тікелей басқарып, объектінің құрылысына түсетін ақшалай қаражатты бөліп отырған. Бұл ретте жабдықтың бір бөлігі жеткізілмеді, ал оған арналған қаражат заңсыз шығарылып ұрланған», - ҚР Сыбайласқа жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

Мемлекетке келтірілген залал 320 млн теңгеден асты.

Қазіргі уақытта Байсейітов Қазақстаннан тыс жерде. Оның заңсыз әрекеттері ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігі 2-тармағы бойынша сараланған және оған іздеу жарияланды.

«Аталған адамның өзге де қылмыстар жасауға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Оның ықтимал орналасқан жері туралы ақпараты бар тұлғаларды агенттіктің мына телефондары бойынша хабарлауды сұраймыз: Call-орталық 1424, +7 (7172) 909 260», - ҚР Сыбайласқа жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

Қазір оқып жатыр

«Ақ жол» Respublica-ға: Біз беделді сөзбен емес, іспен жинадық

.

Елордадағы Бас мешіт енді «Нұрсұлтан мешіті» деп аталады

.

Ақтөбеде белгілі тұлғаларға тиесілі бірегей домбыралар таныстырылды

.

Олжас Құспеков кейбір экс-депутаттарды «декоративті пониге» теңеді

Олжас Құспеков