USD
USD
USD

Бақтияр Артаев Бокс федерациясындағы қызметінен кетті

Белгілі боксшы, Афина Олимпиадасының чемпионы, Вэл Баркер кубогының иегері Бақтияр Артаев ҚР Бокс федерациясының вице-президенттігінен және мемлекеттік жаттықтырушы қызметінен кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бақтияр Артаев Бокс федерациясындағы қызметінен кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы. NEGE.  «Қызметтен кетіп жатқанымды растаймын. Бірақ себебі туралы әзірге ештеңе айта алмаймын», - деп қысқа қайырды спорт менеджері.

Бақтияр Артаев 1983 жылы 14 наурызда Тараз қаласында туған.

Бокспен 10 жасынан бастап айналысты.

2004 жылы Грекияда өткен Олимпиада ойындарының ширек финалында екі дүркін Олимпиада чемпионы ресейлік Олег Саитовты жеңді.

Ал финалда Артаев Кубаның екі дүркін әлем чемпионы Лоренцо Арагоннан басым болып, «алтыннан» алқа тақты.

«Барыс» орденімен марапатталған. Соңғы бір жарым жыл Қазақстан бокс құрамасының мемлекеттік жаттықтырушысы қызметін атқарып келді.

Қазір оқып жатыр

Щучинскіде сүйіктісін ұрып өлтірген ер адам 10 жылға сотталды

кісі өлімі

12 жылдық үкім жойылды: Шымкентте ҰҚК-нің бұрынғы подполковнигінің ісі қайта қаралады

Манат Сарбасов

Саша Барон Коэн «Борат» үшін қазақтардан кешірім сұрады

Борат

К1 жетіп тұр. Нұрбанк НЕГЕ қарыздың жартысын келесі жылы қайтаруы мүмкін?

Nur