USD
USD
USD

«Бақшадағы» келіссөз: АҚШ Украинаның АЭС-терін бақылауға алғысы келеді

Сауд Арабиясында АҚШ-Ресей келіссөзінің келесі раунды өтті. Әлемнің жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, бұл жолы Украинаның шекара мәселесі сөз болған. 

Украина
Фото: ғаламтордан

Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта өткен кезекті келіссөз барысында Украинаның шекера мәселесі талқыланып, «қызыл сызық» қай жерден өтетіні талқыланған. Бұл туралы BBC хабарлады.

АҚШ президенті Дональд Трамптың мәлімдеуінше, Эр-Риядтағы келіссөзде Украинаның аймақтық мәселесі сөз болған және сол мемлекеттің шектік сызығы талқыланған. Одан бөлек, Украинадағы атом электр станцияларының АҚШ-тың бақылауына өтуі мәселесі де әңгімеге арқау болған. 

«Біз қазір территория туралы айтып отырмыз. Біз шектеу сызығы туралы, энергетика туралы, электростанцияларды бақылау туралы айтып отырмыз. Кейбіреулер ол электростанцияларды АҚШ бақылауына алуы керек екенін айтады, өйткені Құрама Штаттарда тәжірибе бар», – деді Дональд Трамп.

АӨШ
Дональд Трамп. Фото: BBC

ТАСС пен «РИА Новостидің» хабарлауынша, АҚШ пен Ресей делегацияларының кезекті келіссөзі аяқталған, келіссөз шамамен 12 сағатқа созылыпты. Кремль өз тарапынан келіссөздің қорытындысын әлі жариялаған жоқ.

Естеріңізге салайық, әзірге Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта (бақша – ред.) өтіп жатқан келіссөздердің ауыз толтырып айтатындай нәтижесі жоқ.  

Қазір оқып жатыр

Санкциядан қалған яхталар. Ресейлік табы бар түрік капиталы Қазақстанға қалай қиындық тудыруы мүмкін?

 Alfa Nero

Астаналық оқушы Harvard University-ге оқуға түсті

 Бөрте Сайранбекқызы

Ресейде жаппай төбелестен кейін ұсталған қазақстандықтар ісі СІМ бақылауына алынды

ресей

Қарағандыда 12 жасар қыз бен оның анасының өліміне күдікті ер адамның денесі табылды

Полиция