Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Бақытжан Сағынтаев коронавирус вакцинасын салдыруға дайын екенін айтты

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев тікелей эфирде өтіп жатқан тұрғындармен есептік кездесуінде вакцинацияның бірінші кезеңі туралы айтты.

Бақытжан Сағынтаев коронавирус вакцинасын салдыруға дайын екенін айтты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Тұрғындардың сұрағына жауап берген қала әкімі вакцинацияның қалай өтіп жатқанына тоқталды.

«Біздің QazCovid-in вакцинасын екі мыңдай ерікті азамат салдырды. Екі уколын да алды. Ешқандай қиын жағдай болған жоқ. Аздап жанама әсерлер болғанымен, басқасының бәрі дұрыс», - деді Бақытжан Сағынтаев.

Сонымен қатар, ол квота бойынша бірінші жартыжылдықта Алматыда 150 мың дозаның қабылдатынын айтты.

«Қазір вакциналарды инфекциялық стационарлардың, жедел жәрдемнің дәрігерлері, емханалардың фильтрлі және қызыл аймақтарда жұмыс істейтін дәрігерлері мен медбикелері, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің қызметкерлері алып жатыр»,- деді қала әкімі.

2 наурыздан бастап полиция қызметкерлері, әскери қызметкерлер, орта мектептердің, жоғары оқу орындарының мұғалімдері, медицина қызметкерлері вакциналаудан өтеді. Сәуір айынан бастап мектеп-интернаттардың, мектепке дейінгі мекемелердің мұғалімдері,оқушылар және созылмалы аурулары бар адамдар егіледі. Әрі қарай тілек білдірген азаматтар вакцина ала алады.Вакцина тегін және әзірше вакциналауға ақша қарастырылмаған.

«Вакцинаны ақылы түрде салу мәселесі әлі шешілген жоқ, бұған дейін Президент екпе мемлекет есебінен салынатынын айтқан, сондықтан бұл мәселені әлі де анықтаймыз. Ал екпе алуға келсек, мен де халықпен бірге осы вакцинаны алуға дайынмын»,- деді Бақытжан Сағынтаев.

Қазір оқып жатыр

Барлау минуста. Құлыбаевтар мемлекетке 2 млрд теңге айыппұлды НЕГЕ төлемей жүр?

Кулибаев

Мектепте оқушылар смартфондарын қайда қалдырады?

Телефон

Каспийдегі мұнай-газ компаниялары терроризмге қарсы күштерді орналастыру үшін орын бөлуге міндеттелмек

Каспий

Атырау облысында 190 мың тұтынушы «ақылды» есептегіштерге көшіріледі

Атырау облысы