Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Бақытжан Сағынтаев: емдеу орындарында науқастар қатары 2 есеге азайды

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» телеарнасындағы Akimat Live бағдарламасында қаладағы өкпенің қабынуына ұшыраған науқастардың жағдайын түсіндірді.

Бақытжан Сағынтаев: емдеу орындарында науқастар қатары 2 есеге азайды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қала әкімі маусым айында науқастар санының өскенін айтты.

«Жыл басынан бері қарай өкпе қабынуына ұшыраған 6175  науқас жазылып шықты. Егер осы дерт шарықтап тұрған кезде емдеу орындарына 300 науқас түссе, қазір олардың саны — 133», – деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев.

«Мен ірі әрі көпбейінді ауруханалардың бас дәрігерлерімен күнделікті сөйлесіп отырамын және қанша адамның емделіп жатқанын, ауруханалардағы жағдай туралы хабардар боламын. Мысалы, ауру шарықтап тұрған кезде 7-ші клиникаға 100 науқасқа дейін түсетін, соңғы кездері емделуге жатқызылатындар саны 15-20 адам. 4-ші клиникада да, ЖМЖА-да, 1-ші клиникада да науқастар саны күрт азайған. Яғни, өкпе қабынуына ұшыраған науқастарды емдеу орындарына жатқызу 2 есеге төмендеді», – деп хабарлады қала әкімі.

Қазір оқып жатыр

Алматы прокуратурасы журналист Алехованың жазасын жеңілдетуді сұрады

Александра Алехова

Жамбыл облысының тұрғындары «Әділет» партиясының ауылды дамыту бастамаларын қолдады

.

Астанада демалыс күні көлік көп жүретін даңғылдардың бірінде қозғалыс шектеледі

көлік қозғалысы шектеледі

ERG-дегі мемлекеттің үлесін енді «Самұрық-Қазына» басқарады

ERG