USD
USD
USD

Бақытжан Базарбек қатысқан жол апатында зардап шеккен ер адам ауруханадан шықты

Бұрынғы мәжіліс депутатымен болған жол апатында жарақат алған Нұржігіт Қошанов ауруханадан шықты.

Нұржігіт Қошановтың ауруханадан шыққан сәті
Фото: Видеодан кадр/instagram.com/bakytzhan.bazarbek

Астана, NEGE. Бұл жөнінде желіде Бақытжан Базарбектің өзі хабарлап, бір айдай ем алған Нұржігіттің ауруханадан шығарылған сәтінен видео жариялады.

«Нұржігітті Тараз қалалық көпбейіндік ауруханасынан шығардық. Нұржігіт соңғы үш күн бойы емханадан шығуға асығып отырған. Міне, отыз бірінші күні емханадан аман-сау шықты», – деп жазды экс-депутат.

Еске сала кетейік, 16 тамызда Т. Рысқұлов ауданында Бақытжан Базарбектің жолда адамды қағып кеткені туралы ақпарат тараған болатын. Полиция мәліметінше, Toyota жүргізушісі жол жиегінде тұрған ер адамды қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы кезінде зардап шеккен Нұржігіт Қошанов ауыр жағдайда аудандық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген.

Көп ұзамай Базарбектің өзі желіде жазба жариялап, Жамбыл облысы аумағында болған жол-көлік апаты бойынша тергеу амалдары жүріп жатқанын мәлімдеді. Ол бұдан кейін де оқырмандарын Нұржігіттің хал-жағдайынан хабардар етіп отырды. Сондай-ақ Бақытжан Базарбек жол апатында Нұржігіттің аяғы сынғанын, осыған байланысты ем-шаралар жалғасатынын айтты.

Қазір оқып жатыр

Әлеуметтік төлем: Қазақстанда отбасының байлығы қалай есептеледі?

отбасының әл-ауқаты

ҚМА Перизат Қайраттың туысының Дубайдағы пәтерлеріне қатысты мәлімдеме жасады

Перизат Қайрат

Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты

қол қою

Қырғызстанда пара алу күдігімен 15-ке жуық кеденші мен шекарашы ұсталды

Өткізу пункті