USD
USD
USD

«Бақытты отбасы»: Өтінім қабылдау кейінге шегерілді

«Бақытты отбасы» тұрғын үй бағдарламасына қатысуға өтінім беру уақыты шегерілді. Бұл туралы «Отбасы банк» АҚ-ның басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова мәлім етті.

«Бақытты отбасы»: Өтінім қабылдау кейінге шегерілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Биыл «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша азаматтардан өтінім қабылдауды шамамен 15 маусымнан бастағалы отырмыз. Бұған дейін БАҚ арқылы аталған бағдарламаға қатысуға құжат қабылдау 1 маусымнан басталады деп жариялағанбыз. Дегенмен қазіргі уақытта тұрғын үй төлемдерін субсидиялау жобасына басымдық беріліп жатыр. Сондықтан да осы жобаны аяқтап барып, «Бақытты отбасы» бағдарламасын бастауды жөн көрдік», – деді Ләззат Ибрагимова Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, биыл «Бақытты отбасы» бағдарламасын жүзеге асыруға 51 млрд теңге бөлінді.

«Биылғы жоспарға сәйкес бұл бағдарлама арқылы 5 мыңға жуық отбасы баспаналы болады. Сондай-ақ осы жылы бағдарламаға қатысушылардың саны артады деп болжап отырмыз», – дейді ол.

Еске салайық, бұған дейін «Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысуға өтінім қабылдау мамыр айында басталатыны хабарланған еді.

Қазір оқып жатыр

«Яндекс» Қазақстанды екінші орынға ысырып қойды ма?

.

Іскерлік кеңес: Шаруалардың жай-күйі «Әділет» партиясының назарында

.

Автошеру мен жалған келісімшарттар: Санжар Боқаевқа қандай айып тағылған?

бокаев

Екі пәтер, Camry көлігі, 1,2 млн теңге жалақы: еңбек министрі отбасының табысы туралы айтты

Асқарбек Ертаев