USD
USD
USD

"Бақытты қалаға бір билеттің" иесі Шымкентке келді

Шымкент қалалық «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы ағымдағы жылғы 25 мамыр мен 5 маусым аралығында өзге аймақтың тұрғындары арасында "Бақытты қалаға бір билет" байқауын өткізген болатын.

"Бақытты қалаға бір билеттің" иесі Шымкентке келді
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Аталған байқау әлеуметтік желі қолданушылары арасында ұйымдастырылды. Мақсаты – қаланың туристік имиджін дамыту әрі шаһардың көрікті орындарын насихаттау еді.

Мемлекет қазынасынан қаражат жұмсамай, тек демеушілер есебінен ұйымдастырылған байқауда 500-ге жуық адам бақ сынады. Солардың ішінде Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Айдана Үсенова байқаудың барлық талап-ережелерін орындап, тікелей эфир барысында көп ішінен жеңімпаз атанды.

Жеңімпазға Шымкент қаласына тегін әуе билеті, «Rixos Khadisha» қонақ үйіне бір күндік ақысыз демалыс, «Сандық» мейрамханасынан кешкі ас ішу және Шымқаланың басты туристік нысандарын «RollsRoyce» көлігімен аралау мүмкіндігі бұйырды.

-Осы байқауға қатысып, жеңімпаз атанғаныма қатты қуандым. Шымкенттің қонақжай келбетіне өзім куә болдым. Қаладағы киелі орындар мен көрікті жерлерді тамашаладым. Керемет әсер үшін алғысым шексіз. Бақытты қаладағы ғажайып, ұмытылмас естеліктер үшін рахмет -деді Айдана Үсенова. Жеңімпаз Айдана Асылбекқызы екі баланың анасы. Өзінің айтуынша Шымкенттің көрікті әрі тарихи орындарында бұрын соңды болмаған.

Айта кету керек, әлеуметтік желі қолданушылары арасында ерекше қызығушылық оятқан байқау жалғасын таппақ.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек