USD
USD
USD

Бақытты елдер рейтингі жарияланды

Қазақстан бақытты елдердің әлемдік рейтингінде 40-орынға тұрақтады. 
Бақытты елдер рейтингі жарияланды
Фото: NEGE.kz
 
Алматы, NEGE.  2019-2021 жылдардың аралығында 3 жыл бойы жүргізілген рейтинг әлемдік сауалнама нәтижелерінің орташа көрсеткішіне негізделген. Рейтингке әлемнің 146 елі кіреді.
 
Оған сәйкес, ең бақытты елдердің көшбасында Финляндия болса, одан кейінгі орындарға Дания мен Исландия жайғасқан. Төртінші орында Швейцария тұр. Ал үздік бестікті Нидерланд қорытындылайды.
 
Сонымен қатар үздік ондықтың қатарына Люксембург, Швеция, Норвегия, Израиль, Жаңа Зеландия елдері кіреді. Еуропалық елдердің ішінде Германия 14-орында тұр. Ал АҚШ 16-орынға жайғасқан. Біріккен Араб Әмірліктері 24-орында.
 
Қазақстанның орны - 40, ал көршілес Өзбекстан 53-орынға, Қырғызстан 54-орынға, Беларусь 64-орынға, Ресей 80-орынға, Армения 82-орынға, Тәжікстан 83-орынға, Әзербайжан 92-орынға орналасқан. Рейтингтің ең төменгі орындарында тұрған елдер мыналар: Зимбабве, Ливан, Ауғанстан.

Қазір оқып жатыр

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері