USD
USD
USD

Бақытгүл Хаменованың сіңлісі атышулы іске қатысты пікір білдірді

4,5 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінген Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың сіңлісі Айнұр Хаменова пікір білдірді.

Бақытгүл Хаменованың сіңлісі атышулы іске қатысты пікір білдірді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  «Отбасымыз үшін жайсыз тиген оқиғаға байланысты қолдауларыңызды білдіріп, жылы сөзбен демеп жатқандарыңыз үшін бек рақмет! Ғайбаттың жеті атасын жаудырып, сансыз сауапқа ие қылып жатқан «тілеулестерге» де рахмет! Әке мен шешенің адал тәрбиесін көрген, ізгі істерімен талай жанның, талай игінің батасын, алғысын алған апам Бақытгүлге бір Алла өзі жар болсын», –  деді Айнұр Хаменова.

Айнұр Хаменова «Ембімұнайгаз» АҚ баспасөз қызметінде жұмыс істейді. Ол жақын арада жақсы жаңалықпен бөлісетінін айтты.

«Алланың бергеніне қанағат» деген ұяда өскен апамның осы кезге дейін сүйенгені де, сенгені де — бір Алла. Екі баласына, туған-туыстарына көңіл бөлетін уақыты болмай, жауапкершілікпен еңбек еткеніне көбіңіз куәсіз. Әлі-ақ реттелер жағдай. Жығылған кезде жұдырықтамай, сүрінген сәтте сынамай, жай ғана адам болып, тілеулестік танытқан әрқайсысыңызға Алла разы болсын», – дейді Хаменованың сіңлісі. 

Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова мен облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев ұсталғанын хабарлаған болатынбыз. Олар 4 млн 500 мың теңге пара алды деген күдікке ілінді. Кейін Хаменова үйқамаққа жіберілді.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе