USD
USD
USD

Бақыт Жаңабаевтың кандидатурасы бүкіл талаптарға сай – ОСК

Үміткерді "Қазақстан әуесқой футболшыларының" қоғамдық бірлестігі атынан ұсынған. Орталық сайлау комиссиясы ҚР Президенттігіне кандидат Бақыт Жаңабаевтың барлық талапқа сәйкестігі туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды  inbusiness.kz.

Бақыт Жаңабаевтың кандидатурасы бүкіл талаптарға сай – ОСК
Фото: NEGE.kz

Астана, NEGE. Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сабила Мұстафинаның дерегінше, үміткер "Қазақстан әуесқой футболшыларының" қоғамдық бірлестігі отырысының президенттікке ұсыну туралы хаттамасынан үзінді, өмірбаян деректері, Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасының енгізілгенін куәландыратын құжат, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және жоғары білімі туралы дипломының көшірмесін тапсырған. 

Ұсынылған құжаттарды растау мақсатында Орталық сайлау комиссиясы Ішкі істер министрлігіне, ҚР Бас Прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіне, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне және ҚР Әділет министрлігіне тиісті сұраулар жіберілген.

Оның нәтижелерін баяндаған Сабила Мұстафина үміткердің "ҚР сайлау туралы" Конституциялық Заңының 54 және 56-баптарына сай қойылатын талаптарға толық сәйкес келетінін мәлімдеді. 

Тиісінше, Орталық сайлау комиссиясы Бақыт Жаңабаевтың кандидатурасы барлық талапқа сәйкес екенін растайтын қаулы қабылдады.

Қазір оқып жатыр

Тимур Турлов FIDE президентінің орынбасары лауазымына кандидатурасын ұсынбақ

Тимур Турлов

ШҚО тұрғындарын өзен суының түсі алаңдатып отыр

өзен

Hyundai, Kia және Geely сатылымы құлдырады: қытайлық көліктерге сұраныс артты

Changan

Алматы әкімдігі «Family Park-тің орнына тұрғын үй кешені салынады» деген сыбысқа жауап берді

Family Park