USD
USD
USD

Бақыт Сұлтанов қант бағасының қымбаттауына байланысты пікір білдірді

ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов елдегі қант бағасының қымбаттауына байланысты пікір білдірді.

Бақыт Сұлтанов қант бағасының қымбаттауына байланысты пікір білдірді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сіздің ойыңызша, Қазақстандағы сауда нүктелерінде қанттың бағасы қанша? Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерін сұхбат берген министрге осындай сұрақ қойылды.

«Біз қант бағасын ақпарат жинау арқылы ғана бақылап, айналысып отырған жоқпыз. Өз басым жексенбі күні бірнеше сауда нысанына бардым. Әрине, баға құбылып тұр. Оны мен де растаймын. Қант бағасы негізінен сұраныс әсерінен көтеріліп кетті. Қазір жергілікті атқарушы органдармен бағаның ақылға қонымды болуы үшін жұмыс істеп жатырмыз», - деді ведомство басшысы.

Сондай-ақ, ол қанттың келісі 900 теңгеден сатылып жатыр деген ақпаратпен келіспейтінін айтты.

«Баға 400 теңгеден 600 теңгеге дейін құбылып тұр. Импорттық қант деп жеке сатып жатқандар бар. Мен 900 теңге деген бағаны көрген жоқпын», – деді Бақыт Сұлтанов.

Қазір оқып жатыр

«Бағаны түсіруге мәжбүр болады»: қазір пәтер алған тиімді ме?

.

БҚО-да оқушы баланы 10 мың вольттық ток соғып, қаза болды

Ток соқты

Қазақстан Қырғызстанға мұнай транзитін бастады

мұнай

Qarmet-тің жаңа нысандары нақты келбетке ие бола бастады

Qarmet