Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Бақыт Сұлтановтың Елордадан Алматыға ұшып келуіне 10 миллионға жуық теңге жұмсалған

Инстаграмдағы Qazyna жобасы журналистерінің анықтауына қарағанда, ақпанда премьер-министрдің орынбасары Бақыт Сұлтанов жұмыс бабымен астанадан Алматы мен Талдықорғанға барғанда жол шығынына 9,6 млн теңге жұмсалған. Бұл туралы Қаржы министрі Сенат кулуарында журналистерге пікірін айтты, деп жазады inbusiness.kz .

 Бақыт Сұлтановтың Елордадан Алматыға ұшып келуіне 10 миллионға жуық теңге жұмсалған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Бұл қаражат көп деп ойламайсыз ба?" - деп сұрады журналистер.

"Ұшақтың авикеросиніне жұмсалған ақша деп ойлаймын", - деді Жамаубаев.

"Бақыт Тұрлыханұлы қандай ұшақпен барғанын білмеймін. Мемлекет қарауындағы ұшақтар болса, оған арнайы қаражат қарастырылған", - деді Жамаубаев.

Оның айтуына қарағанда, министрлерге көп қаражат жұмсамау ескертіледі.

"Шұғыл жағдайлар, күйіп бара жатқан нәрселер болмаса, рейстік ұшақтармен ұшу керек деген премьер-министрдің тапсырмасы бар", - деп үстеді министр.

Qazyna журналистерінің анықтауына сүйенсек, Бақыт Сұлтанов сол сапарда Алматы әкімімен "сауданы дамыту және бағаны тұрақтандыру" мәселесін талқылаған. Талдықорғанда облыс әкімі Қанат Бозымбаевтың есебін тыңдаған. Бұл Ерұлан Жамаубаев айтқандай "шұғыл жағдайға" ұқсамайды.

Қазір оқып жатыр

Көрімдік берудің жаңа тәсілі: Aitu-да дәстүрге арналған аударымдар пайда болады

 Aitu

Алдағы 12 айда базалық мөлшерлеме 14,75%-ға дейін төмендеуі мүмкін – сарапшылар

Базалық мөлшерлеме бойынша болжам

Отбасы банк: зейнетақы жинақтарының шегін арттыру ипотекалық өтінімдерге әсер етпеді

Ұмай

Қазақстанда тұрғын үй саудасы түсіп барады

тұрғын үй нарығы