USD
USD
USD

Бақыт Нұрмұханов Ата заңға енгізілетін өзгерістерді түсіндірді

Конституциялық кеңестің аппарат жетекшісі Бақыт Нұрмұханов

Бақыт Нұрмұханов Ата заңға енгізілетін өзгерістерді түсіндірді
Фото: NEGE.kz

Конституцияға енгізілетін өзгерістер туралы айтты.

Нұр-Сұлтан, NEGE. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы елімізде жүргізіліп жатқан демократиялық процестерге тың серпін берді.  Онда Жаңа Қазақстанның келбеті оны құру бағытында тұрған міндеттер және ол міндеттерді шешу жолдары анық көрсетілді. Айтылған бастамалардың  көпшілігі Ата заңда бекітілген қоғам мен мемлекеттің негіздерін қозғайды. Осы мақсатта құрылған арнайы жұмыс тобы Конституцияға түзетулердің жобасын ұсынды», – деді ол «Ата заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар» атты брифингте.

Оның айтуынша, арнайы жұмыс тобына мемлекеттік органдармен қатар  үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және еліміздегі танымал заңгер ғалымдар қатысқан.

«Заң жобасында қазіргі таңда елімізде қалыптасқан  «суперпрезиденттік» басқару нысанын одан әрі жетілдіру көзделген. Бұл мақсатта Мемлекет басшысы өзінің бірқатар өкілеттігін басқа органдарға береді немесе олармен келісе отырып, атқарады. Бұл елімізде соңғы кезде жүргізіліп жатқан «орталықсыздандыру» процесінің жалғасы. Өздеріңізге мәлім, 2017 жылы елімізде болған 3 конституциялық реформаның нәтижесінде Мемлекет басшысы өзінің бірақатар өкілеттігін Парламент пен Үкіметке берген болатын», – деді «Арнайы жұмыс тобының мүшесі Бақыт Нұрмұханов.

Қазір оқып жатыр

Бауыржан Байбектің сағаттарын ұрлады деген күдікпен 31 жастағы ер адам ұсталды

.

Ерлан Қарин вице-президент ретінде немен айналысады

Конституция жобасын талқылау

Мұрат Баймұқашев Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратын басқарады

.

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер