USD
USD
USD

Бақыт рейтингінде қазақстандықтар француздардан озды

Әлемдік World Happiness Report рейтингінде  Қазақстан бірден 10 сатыға көтеріліп, 147 елдің ішінде 33-орынды иеленді.

статистика
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Баяндамада жарияланған есепке сәйкес, өмірге қанағаттану деңгейі бойынша Қазақстан 6,633 ұпай жинаған.

Жекелеген көрсеткіштер бойынша Қазақстан мынадай нәтижелер көрсетті:

  • әлеуметтік қолдау деңгейі бойынша – 4-орын. Бұл көрсеткіш азаматтардың қиын жағдайға тап болғанда, туыстары мен достарына қаншалықты арқа сүйей алатынын білдіреді;
  • жомарттық бойынша – 29-орын;
  • қайырымдылыққа бөлінген қаражат үлесі бойынша – 29-орын.

Айта кетерлігі, бұл рейтингте Қазақстан ТМД елдерінен ғана емес, сонымен қатар Франция, Испания, Италия, Мальта, Латвия, Эстония, Черногория, Босния және Герцеговина, Хорватия сияқты бірқатар еуропалық елден оқ бойы озық тұр.

Жалпы рейтинг бойынша көш басында Финляндия тұрса, екінші орында Исландия орналасқан. Бақытта елдер үштігін Дания түйіндеген.

World Happiness Report 2026 әлемдегі ең ауқымды зерттеулердің бірі болып саналады.

Рейтинг бірнеше факторға негізделген: жан басына шаққандағы ЖІӨ, салауатты өмір сүру ұзақтығы, әлеуметтік қолдау, таңдау еркіндігі, жомарттық, сыбайлас жемқорлық, өзара көмек. Сауалнамаға қатысушылар факторларды осы факторлар бойынша өз елін 0-ден 10-ға дейінгі шкаламен бағалайды.

Қазір оқып жатыр

Алматыда дәрігерлер әйелдің іш қуысынан 25 келілік үлкен ісікті алды

Ота

Талдықорғанда зейнеткерден 5 келіден астам гашиш тәркіленді

есірткі заты

Тоқаев Алматы әкіміне LRT мен SkyTrain-ді енгізу жұмысын жеделдетуді тапсырды

Дархан Сатыбалды

27 наурызда қос Палатаның бірлескен отырысы өтеді

Мәжіліс