USD
USD
USD

Бақыт Құсақбаева дзюдодан Азия чемпионатында қола жүлде алды

Қазақстандық спортшы Бақыт Құсақбаева дзюдодан Бангкокта (Таиланд) өтіп жатқан Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды.

Бақыт Құсақбаева
Фото: ҰОК

Алматы, NEGE. Спортшы 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үшінші орынға ие болды.

Үшінші орын үшін белдесуде Құсақбаева Түрікменстан өкілі Майса Пардаеваны жеңді.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында үш қола медаль бар. Бұған дейін Ғалия Тынбаева (48 келіге дейін) мен Шерзод Давлатов (60 келіге дейін) үшінші орын алған болатын.

Қазір оқып жатыр

Цифрлық даму министрлігі «Яндекстің» бес компаниясын тексермек

Яндекс

Алматыда сараптамадан өтпеген жол жобасына 202 млн теңге төленген

Жол жөндеу

Азиада алтынынан қағылған Ясмина Тоқсанбаеваға пәтер тарту етілді

Ясмина Тоқсанбаева

Тоқаев «күйсандық», «қылтима» сөздерінің қазақша аудармасына күмән келтірді

Тоқаев