USD
USD
USD

БАҚ қызметкерлеріне президент атынан баспана сертификаттары табысталды

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан «Дара» Президенттік бастамалар қоры Қазақстанның жетекші медиа ұйымдарының қызметкерлеріне пәтер сертификаттарын табыстады.

Баспана
Фото: daraqory.kz

Алматы, NEGE. Медиа саласы қызметкерлеріне баспана беру бастамасы — азаматтарды әлеуметтік қолдауды күшейту және қоғамдық тұрақтылықты нығайтуға бағытталған кең ауқымды мемлекеттік саясаттың бір бөлігі.

Салтанатты рәсім барысында ҚР Президентінің Кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен биыл үшінші жыл қатарынан журналистерге пәтер беру шарасы ұйымдастырылып отыр. Бұл – Президенттің отандық медиа қызметкерлеріне деген үлкен қолдауы. Биыл пәтерлер тек журналистерге ғана емес, режиссерлерге, операторларға, корректорларға және отандық медианың өзге де мамандарына беріледі. Сонымен қатар біз әлеуметтік осал топтарға ерекше назар аудардық: пәтер иелерінің қатарында көпбалалы және мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасылар да бар. Әріптестеріміздің жетістіктеріне қуаныштымыз. Баршаңызды шын жүректен құттықтаймын!», – деді Руслан Желдібай.

Жаңа пәтер иегерлерінің қатарында дубляж редакторлары, эфир операторлары, дыбыс режиссерлері, телеоператорлар, корректорлар және күн сайын сапалы ақпараттық өнім жасауға үлес қосып жүрген өзге де медиа саласының мамандары бар.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандық мұғалімдерге өз оқушыларына қосымша сабақ өткізуге тыйым салынуы мүмкін

заң

Қазақстанда жұмыс берушілер жасөспірімдерді сақтандыруға міндеттелмек

жасөспірімдер жұмысы

Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: полиция қызметкеріне қатысты тергеу аяқталды

жол апаты

Екі жылға сотталған Жанабыловтар әлеуметтік желіге қайта оралды

.