Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Бәйтерек тендерлері НЕГЕ Маминның тікелей бақылауына өтті?

Осы аптада "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызмет құрып, өзінің жарғысына тиісті өзгертулер енгізді. Енді холдинг және оған тиесілі 11 компанияның тендерлерді қалай өткізіп жатқанын тікелей директорлар кеңесіне бағынатын аталған қызмет қадағалап отыратын болады. 

Бәйтерек тендерлері НЕГЕ Маминның тікелей бақылауына өтті?
Фото: NEGE.kz

Бұған дейін Қаржы министрлігінің мәліметі бойынша, 2018 жылы мемлекеттік сатып алулар мен квазимемлекеттік сектордағы тендерлердің жалпы көлемі 9,2 трлн теңгеге жеткенін жазған болатынбыз. Оның ішінде мемлекеттік органдар жүргізетін сатып алулардың үлесі 3,6 трлн теңге, «Самұрық-Қазына» қорының үлесі шамамен 5 трлн теңге болған. Ал «Бәйтерек», «ҚазАгро» және басқалары 2018 жылы тендерлерге 600 млрд теңге жұмсады. 

Тақырыпқа орай: Тендер тоқырауға ұшырай ма? 

 

Жаңа қызметтің құрылуына орай Бәйтерек холдингі жарғысын өзгертуге барып отыр. Онда "Тәуелсіздік пен объективтілікті қамтамасыз ету мақсатында Сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызмет Директорлар кеңесіне тікелей бағынатын және өз жұмысы туралы оның алдында есеп беретін Холдингтің қызметі болып табылады" деп жазылған.

Жарғыға енгізілген өзгертулер мен толықтырулар. Фото: kase.kz

Қазір Бәйтеректің директорлар кеңесін Премьер-министр Асқар Мамин басқаратынын және құрамында Әлихан Смайылов пен Тимур Сүлейменовтің бар екенін ескерсек, холдингте болып жатқан барлық сатып алуларды үкіметтің өз қадағалауына алғанын байқауға болады. Сонымен бірге, тендерлердің заңды өтуін шетелдік мамандар да жіті бақылап отыр. Себебі, ұлттық холдингтің директорлар кеңесіне Томас Миров, Клаус Мангольд пен Филип Йео сынды шетелдіктер енгізілген. 

Қазір оқып жатыр

Қостанай облысында Тобыл өзеніне ер адам мен кәмелетке толмаған қыз батып кетті

.

Электр қуатының өшуі Қазақстанның оңтүстігіндегі энергожүйе үшін сынақ болды

Алматы

17 жыл бойы жасырынып жүрген «Кинг-Конг» 15 жылға сотталды

.

Мақта теріп, қой алған: Threads-те танымал болған оқушы кәсібін қалай бастады

Мал шаруашылығы