USD
USD
USD

Бәйтерек Холдингі еншілес компаниялар санын қысқартады

Алдымен "Қазақстан Ипотекалық компаниясы" мен "Бәйтерек Девелопмент" бірігеді. Ал 2020 жылдың шілдесіне дейін олардың қатарына Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры қосылуы тиіс. Нәтижесінде "Бәйтерек" Холдингінің еншілес ұйымдарының саны 11ден 9ға дейін қысқаратын болады. Бұл туралы "Бәйтерек" Холдингі Nege.kz сауалына берген жауабында хабарлады.

Бәйтерек Холдингі еншілес компаниялар санын қысқартады
Фото: NEGE.kz

Ондай тапсырманы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің алғашқы Жолдауында берген болатын. Жолдауды орындау жөніндегі жоспар бойынша, тұрғын үй саясатын іске асыратын Біріңғай оператор құрылуы тиіс. Оператор "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының орындалуына жауапты болмақ.

Фото: alau.kz

Үш компанияның бірігуі екі кезеңнен тұрады.

Бірінші кезеңде, 2019 жылдың аяғына дейін, тиісті корпоративтік шешімдер қабылдау арқылы "БД" АҚ мен "ҚИК" АҚ біріктіріледі. Екінші кезеңде, 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін тиісті заңнамалық өзгерістер енгізіліп, Тұрғын үй құрылысын кепілдендіру қоры Біріңғай операторға қосылатын болады.

"Бәйтерек" Холдингі бірігу жұмыстары аяқталмай тұрып, ортақ компанияның қызметкерлер саны мен жарғылық капиталы жөнінде ақпарат беруден бас тартты. Бірақ жаңа оператордың құзырына тұрғын үй құрылысы, оған кепілдік беру және жалға берілетін баспана мәселелері кіретіні анық.

Қазір оқып жатыр

Астанада чемодандардан долларлар шашылды

Астанада аулада шашылып жатқан доллар

Пайда мен қарыз бірге өсуде. Ағайынды Тастекейлер биыл НЕГЕ қарқын алып келеді?

TAS

Қазақстанда туу көрсеткіші төмендеп барады: анти-рейтингті Қызылорда облысы мен ШҚО бастап тұр

нәресте

Kyzdar.net ісі бойынша күдікке ілінген әйел Грузиядан экстрадицияланды

Күдікті