USD
USD
USD

«Бәйтерек» басшысы: «Bereke Bank»-тің шығынын мемлекет өтемейді

  «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев «Bereke Bank»-тің қордаланған шығыны мемлекет есебінен өтелмейтінін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бәйтерек» басшысы: «Bereke Bank»-тің шығынын мемлекет өтемейді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Береке банктің» сатылатыны туралы ақпараттар айтылып жүр? Әлі сатудан үміттеріңіз бар ма? Ал оның 300 млрд теңге шығынын кім өтейді?», – деп сұрады БАҚ өкілі «Бәйтерек» ҰБХ басқарма төрағасынан.

«Біз үміттеніп отырған жоқпыз. Біз келіссөз жүргізіп жатырмыз. Кіммен екені, өкінішке қарай, коммерциялық ақпарат. Оны ашып айта алмаймын», – деді ол. Айтуынша, банктің мойнындағы ескі шығындары бұрынғы акционердің мойнында.

Мемлекет банктің ешқандай шығынын өтемейді. Банк сатылғанға дейін келген шығындардың бізге қатысы жоқ. Бұл – банктің бұған дейінгі акционері өзіне қабылдап алған шығындар. Яғни, 1 қыркүйекке дейін болған дүниенің бәрінің бізге тікелей қатысы жоқ. Бүкіл шығындар бізге емес, бұған дейінгі акционерінің мойнында қалды», – деді Қанат Шарлапаев ҚР Президент ұлықтау рәсімінің алдында берген сұхбатында.

Қазір оқып жатыр

Қостанайда балалар санитариялық жағдайы сын көтермейтін лагерьде демалуға мәжбүр болған

Светафор

Алматы маңындағы аудандардың бірінде жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай жарияланды

сел қаупі

Қазақ дәрігері Қытайдың ең жоғары партиялық орденімен марапатталды

Оқас Сүлеймен

Қазақстанда ипотеканың шекті мөлшері өзгереді

ипотека