USD
USD
USD

«Байтақ» жасылдар партиясы тазалық мәселесін көтерді

Сайлау жақындаған сайын дайындық та қызу. «Байтақ» жасылдар партиясының белсенділері «Жасыл Ел – Тараз» ЖШС-і еңбек ұжымымен кездесті.

 «Байтақ» жасылдар партиясы тазалық мәселесін көтерді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.Партияның бағыт-бағдарларын, мақсат-міндеттерін түсіндірді. Саяси науқанның маңызы жайында сөз қозғады. Көне шаһардың көркеюі бағытында күнделікті жұмыс атқарып жүрген азаматтарға алғысын білдірді. Кездесуге қатысқан жұмысшы азаматтар көкейде жүрген сұрақтарын қойып, жауап алды. Басқосуға 30-дан адам қатысты.

Айта кетсек, «Жасыл Ел – Тараз» мекемесінде жалпы саны 691 адам қызмет етеді. Штатта 375 адам болса, қоғамдық жұмысшы 316, ал келісім шартпен 27 адам еңбек етуде. Жұмысшылар жолдың санитарлық тазалығын сақтап, қаланы көріктендіру, абаттандыру мен көгалдандыру, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинап, шығарумен айналысады. Қызметкерлердің орташа жалақысы –   150 мың теңге. Серіктестік балансында жалпы саны 124 бірлік техника бар.

«Байтақ» жасылдар партиясы Жамбыл облысы бойынша 9 үміткерді тіркеген. 10 ауданда үгіт-насихат жұмысы жүргізілуде. Облыс бойынша партия мен кандидаттар туралы 30 баннер ілініп,  үгіт-насихат материалдан 15 мыңға жуық листовка жасалып, 8 мыңға жуық флаер, 14 мыңға жуық буклеттер жасалған. Қазіргі таңда партияда 120-дан аса үгіт-насихатшылар бар.

Қазір оқып жатыр

Трамптың ұлы мен мен Кремльге жақын кәсіпкер Қазақстанда кездесіп, іскерлік келіссөз жүргізген болуы мүмкін – БАҚ

Умар Кремлев, кіші Трамп

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі