USD
USD
USD

«Байтақ» партиясы премьер-министр лауазымын алып тастауды ұсынды

Алдағы Мәжіліс сайлауына қатысатын Қазақстанның жаңа «Байтақ» партиясы энергетикалық кешендерді мемлекет меншігіне алуды және премьер-министр лауазымын алып тастауды ұсынып отыр.

«Байтақ» партиясы премьер-министр лауазымын алып тастауды ұсынды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «​Қазақстанға премьер-министр керек пе, премьер-министр кеңсесі керек пе? Қажеті жоқ деп есептейміз, ол жерде отырғандардың барлығы қаржыгерлер. Барлық министрліктер тікелей Президентке бағынуы керек», – деді «Байтақ» партиясының жетекшісі Азаматхан Әміртай.

Ол премьер-министрсіз тиімді жұмыс істейтін америкалық жүйені мысалға келтірді.

«Байтақ» партиясының жетекшісі сондай-ақ оның саяси бірлестігі энергетикалық кешендерді ұлттандыруды жақтайтынын айтты.

«Бүгінде энергетикалық кешендерге көбіне жергілікті немесе шетелдік олигархтар иелік етеді. Бұл жерде қандай мәселе бар? Жергілікті атқарушы орган оларға ықпал ете алмайды. Екібастұз – соның анық мысалы. Сондықтан ұлттандыру қажет. Мұндай кәсіпорындарда мемлекеттің ең болмағанда үлесі болуы керек, директорлар кеңесінде болып, техникалық аудит жүргізуі керек», – деп есептейді Азаматхан Әміртай. 

Партия алдағы Мәжіліс сайлауына қатысуды жоспарлап отыр. 

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде белгілі тұлғаларға тиесілі бірегей домбыралар таныстырылды

.

Олжас Құспеков кейбір экс-депутаттарды «декоративті пониге» теңеді

Олжас Құспеков

Кәсіпкер Бейбіт Әлібеков пен ИК тобының мүшесі Азамат Маркленов Құрылтай сайлауына түседі

Құрылтай

Тоқаев Трампты АҚШ-тың Тәуелсіздік күнімен құттықтады

.