Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Байқоңырды Ресейге жалға беру уақыты ұзарды

Сенат Қазақстан мен Ресей үкіметі арасындағы Байқоңырды жалға алу шартына түзетулерді қабылдады. Ол Ресей тарапына ғарыш айлағын жалға алуды 2050 жылға дейін ұзартуға мүмкіндік береді.

 Байқоңырды Ресейге жалға беру уақыты ұзарды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Байқоңыр" кешенін жалға беру шартының 4-бабына түзетулер енгізу бөлігінде хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасы "Байқоңыр" кешенін жалға алу мен пайдалануды 2050 жылға дейін ұзартуға мүмкіндік береді", - делінген сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің қорытындысында.

Хаттаманы ратификациялау нәтижесінде "Байқоңыр" кешенінің ғылыми-техникалық, өндірістік, әлеуметтік-мәдени әлеуетін сақтауға, тиімді пайдалануға және дамытуға мүмкіндік беретін бұрын қабылданған міндеттемелерді үйлестіру күтіледі деп көрсетілген. Сонымен қатар, аймақтағы әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету көзделген.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев

eGov пен мемлекеттік сервистердің уақытша істен шығу себебі айтылды

eGov

Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі қашан жарияланады?

грант

ФИФА Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға 250 мың доллар бөлді

ФИФА